«Фабрика добра» қайырымдылық қоры балаларды жаңа жылмен құттықтады

Желтоқсан 25, 2021

Жаңа жыл – бала қиялына қанат бітіретін ерекше мереке. Болашағымыз балаларға шаттық сыйлау үшін «Фабрика добра» қайырымдылық қоры қолдауымен «Территория радости» аниматорлық орталығы балапандарымызға есте қалаларлық керемет ойын-сауық кешін ұйымдастырды.

Думанды кеште Аяз ата мен Ақшақар, бүлдіршіндеріміздің сүйікті кейіпкерлері Аю мен Маша ортаға шығып, балалармен би билеп, түрлі ойындарды бірге ойнап, жаттаулар айтқызып мерекелік шараны қызықты өткізіп, балапандарға шаттық сыйлады.

Қиял ғажайып әлеміне бір сәт саяхат жасап қайтқан балаларымыз мерекелік кеш соңында, Аяз ата мен Ақша қардан тәттілер мен түрлі ойыншықтар алды. Осындай тамаша кеш ұйымдастырып отырған «Фабрика добра» қайырымдылық қоры мен «Территория радости» аниматорлық орталығына шексіз алғысымызды білдіреміз.

Келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз! Жаңа бастамаларыңыз бен қолға алған әрбір игі істеріңіз табысты болсын. Сіздерге мықты денсаулық, шексіз бақыт тілейміз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
Оқылды 19 рет