ЕДШ нұсқаушысы «майтабандылықтың алдын алу» жөнінде сабақ жүргізді

Қараша 18, 2021

ЕДШ нұсқаушысы Нургул Үшкемпирқызы «майтабандылықтың алдын алу» жөнінде сабақ жүргізді. Майтабан– табан дөңестерінің төмендеуінен болған табанның жалпаюы. Сабақта балаларға қандай аяқ киім кигізу керек екендігін сонымен қатар ортопедиялық кілемшенің пайдасы туралы айтылды.

Профилактиканың тағы бір тиімді әдісі – бұл арнайы супинатор ұлтарақтар. Мұндай ұлтарақтар табанды қалыпқа келтіреді. Жұқа супинатор ұлтарақтарды туфлиге салады. Бұл шаршаған аяқтардың жұмысын біршама жеңілдетеді және жалпақ табанның алғашқы белгілерін жоюға көмектеседі.

Оқылды 342 рет