Тұмауға қарсы екпе алу

Қырқкүйек 15, 2021

Елордада 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында қала тұрғындары тұмауға қарсы екпе ала алады. Вакцинаны аумақтық тіркелген жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарынан алуға болады. Оны белгілі бір санаттағы адамдар тегін ала алады, қалған барлық азаматтар өз емханаларына және жеке ұйымдарға хабарласып, өз есебінен вакцинациялана алады.

Вакцинация – қазіргі кездегі денсаулықты нығайтып, аурудың алдын алудың ең жақсы құралы. Вакциналар ауыр асқынулар мен өлім қаупін азайтады. ДДСҰ мәліметтері бойынша, орта есеппен, вакцина 18-64 жас аралығындағы дені сау ересектердегі инфекциялардың шамамен 60% алдын алады. Тұмауға қарсы вакцина егілгеннен кейін шамамен 14 күннен кейін күшіне енеді.

Оқылды 232 рет