Көңілді күзгі серуен

Қырқкүйек 15, 2021

Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді  бірде күн шайдай ашылып тұрады.

Күздің алғашқы айы – қыркүйектің жылы күндері бізді шуақты күндерімен қуантуда. Балдырғандарымыз алтын күздің ерекше табиғатын көріп, сезініп, танып білуі үшін қаламыздың табиғаты көрікті саябағы «Жерұйыққа» барып серуендеп келдік.

Серуендеу кезінде біздің бүлдіршіндеріміз қоршаған табиғатпен танысты. Ағаштарды, өсімдіктерді, сарғайған жапырақтарды тамашалап, қарағай бүршіктерін жинады. Қызықты ойындар ойнап, көгершіндерді тамақтандырды. Саябақтағы балалар алаңында көңілді уақыт өткізді.

Серуен аяқталғаннан кейін балапандарымыз аздап шаршағанын сезінсе де, күзгі табиғаттың сұлулығы мен әсемдігіне сүйсініп көңілді оралды. Бұл серуен балаларға да, ересектерге де көптеген жағымды эмоциялар қалдырды!

  • 001
  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093
  • 094
  • 095
  • 096
  • 097
  • 098
  • 099
  • 0991
  • 0992
  • 0993
Оқылды 321 рет