МӘМС ЕСЕБІНЕН КӨРСЕТІЛЕТІН СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК: КІМДЕР ЖӘНЕ ҚАНДАЙ КӨМЕК АЛАДЫ

Қырқкүйек 10, 2021

МӘМС пакетімен қарастырылған стоматологиялық көмек тек балалар мен жүкті әйелдерге ғана тиесілі емес. Шұғыл стоматологиялық көмекті қажет болған жағдайда азаматтардың 9 түрлі санаты ала алады.

  • 18 жасқа дейінгі балалар;
  • жүкті әйелдер;
  • ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар;
  • I, II, III, IV топтағы мүгедектер;
  • "Алтын алқа" және "Күміс алқа"алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
  • атаулы әлеуметтік көмекті алушылар;
  • жасы бойынша зейнеткерлер;
  • инфекциялық және әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастар;
  • ерекше назар аударуды талап ететін балаға немесе бала кезінен I - топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін қазақстандықтар.

Төтенше жағдай деп қандай кезде айтуға болады?

  • көбінесе стрептококктар немесе стафилококктар тудыратын - терінің, тері астындағы тіндердің жедел бактериялық флегмонус инфекциясы;
  • абсцесс, фурункул, карбункул сияқты жақ-бет аймағының өткір одонтогентті емес қабынатын аурулары;
  • остеомиелит;
  • сыртқы қол жеткізуді талап ететін тісті жұлу;
  • тек стационар жағдайында ғана көмек көрсетуге болатын басқа да жағдайлар.

Егер тексеруден кейін тіс дәрігері амбулаториялық жағдайда көмек көрсету мүмкін емес деп шешсе, ол пациентті емдеуден  бас тартуға және оны жедел жәрдем арқылы  ауруханаға жіберуге құқылы.

Науқастың өміріне қауіп төндіретін кенеттен болатын өткір аурулар мен созылмалы аурулардың өршуі кезінде  шұғыл стоматологиялық көмек  қажет. ⁠

  • пульпит (жедел немесе созылмалылықтың қабынуы);
  • периодонтит (жедел немесе созылмалылықтың қабынуы);
  • жақ-бет жарақаты (мысалы, тістің шытынауы немесе сынуы);
  • жақ-бет аймағының одонтогендік және одонтогендік емес қабыну ауруларының өршуі;
  • стоматит;
  • жедел ауырсыну жағдайларда;
  • шұғыл хирургиялық араласуды қажет ететін емдеулер.

Пациенттердің аталған санаттары үшін МӘМС пакетімен қандай көмек тегін көрсетіледі?

  • анестезия;
  • жақ немесе тіс рентгенографиясы;
  • тісті жұлу;
  • пломбаны препараттау және салу;
  • периостотомия;
  • пульпит, периодонтит, стоматиттің жедел түрлерін, альвеолитті емдеу;
  • абсцесті ашу.

⁠Жоспарлы көмекті тек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер ғана ала алатынын  естеріңізге саламыз. Ол:

  • анестезия;
  • жақтың немесе тістің  рентгенографиясы;
  • химиялық қататын композитті материалдардан жасалған пломбаны препараттау және салу;
  • қарапайым және күрделі тісті жұлу.
  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
Оқылды 226 рет