Ер-азаматтарымызды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз

Мамыр 06, 2021

2021 жылғы 06 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-де, «7-мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесіне  арналған іс-шара өтті. 

Үйіміздің нәзік жанды сұлулары, ер-азаматтарды мерекелерімен шын жүректен, өздерінің әндерімен, билерімен, бейнебаяндарымен құттықтады. Ал ер-азаматтарымыз өздерінің әскери қызметтерін еске алып, жарыстарға қатысып, ептілігі мен тапқырлық тәжірибелерін көрсетті.

Қатысушылар сыйлықтармен марапатталды. Дәстүр бойынша балалар үйінің директоры Сәуле Кенжетайқызы ер азаматтарды атаулы мерекелерімен құттықтап, кәсіподақ ұйымы атынан  азаматтарымызға сыйлықтар табыс етілді.

Ер-азаматтарымызды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, бақыт пен табыс тілейміз. Қиындықтарды оңай жеңіңіздер! Бейбіт және ашық аспан, болашақ жеңістер!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
Оқылды 210 рет