Дүниежүзілік балалар күні

Қараша 18, 2022

Жыл сайын 20-шы қараша күні бүкіл әлем балалар күнін атап өтеді. Дүниежүзілік балалар күнін 1954 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жариялады.

1959 жылдың 20-шы қарашасында Бас Ассамблея Бала құқығы декларациясын, ал 1989 жылы – Бала құқықтары туралы Конвенцияны қабылдады.

Елордалық балалар үйінде Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бақытты бала – бақытты ел» атты ертеңгілік өтті. Мерекелік бағдарламада кейіпкерлер балаларымызды көңілді ойындармен, билермен және қызықты тапсырмалармен таң қалдырды.

Балалар сергектік, жарқын әсер мен жақсы көңіл-күйге ие болды және қызықты, танымдық көңілді уақыт өткізді. Мерекелік іс-шара үйіміздің ең кішкентай тұрғындарына қуаныш пен шат күлкі сыйлады.

Оқылды 203 рет