«КҮНІМ» ТОБЫНДАҒЫ ОҢАЛТУДЫҢ КЕЗЕКТІ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

Тамыз 03, 2022

Бүгін міне, «КҮНІМ» ТОБЫНДАҒЫ ОҢАЛТУДЫҢ КЕЗЕКТІ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ Міне, "Күнім" тобындағы оңалтудың кезекті курсы аяқталды.

Балаларға осы 3 айдан астам уақыт ішінде болған өзгерістерге қарап, біз сәбилеріміздің керемет жетістіктері мен табыстарын мақтан тұтамыз!

3 тамыз күні балалар үйінде «Күнім» оңалту тобымен қоштасу кеші өтті! Тәрбиешілер мен мамандардың сүйемелдеуімен біздің сүйкімді бүлдіршіндерімізге, «Қасқыр мен қоян» ертегісінен үзінді көрсетті. Балалар қасқыр мен қоянды татуластырып, бірге ойын ойнап, көңіл көтерді. Барлығымыз бірігіп би билеп, көңіл көтердік. Содан кейін барлық қызметкерлер мен мамандар шын жүректен балаларға ақ жол, жаңа таныстар және өмірлерінде керемет ғажайыптардың болуын тіледі!

Сонымен бірге топтың ата-аналарына сенімдері, қолдаулары және түсіністіктері үшін алғысымызды білдіреміз. Біз бірге күшпіз!

Оқылды 169 рет