«BalQaragai» демалыс орнында болдық

Маусым 30, 2022

Табиғат аясында демалу – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт сезімін сыйлайды. Сұлулық пен әсемдік әлемінде серуендеу, әсіресе кішкентай бүлдіршіндер үшін өте пайдалы.

30.06.2022 жылы балалар үйі ұжымы мен бүлдіршіндері «BalQaragai» демалыс орнында болды.

Балдырғандарымыз қоршаған ортамен танысып, көркем қайың орманында серуендеді. Демалыс орнынының үлкен алаңында ықыласпен қызықты ойындар ойнап, киіз үйде демалды. Зоопаркте болды, жылқыларды тамашалады. Мейрамханада таңғы, түскі ас ішіп, түрлі дәмділерден дәм татты. Табиғат аясындағы көңілді серуен балапандарымызға қуанышты көңіл күй сыйлап, керемет әсерге бөледі.

«Бақыт деген сенің бала күндерің» деп жырлаған екен асқақ ақынымыз Мұқағали Мақатаев. Расында, адам баласының ең бақытты шағы – балалық кезеңі. Бұл кезеңнің өзінің есте қаларлық ерекше сәттері болады.

«Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ-не, Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданының әкімі Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлына және Сапура Мухамедьяновнаға «Балқарағай» демалыс орнында балаларымызға балғын шағының бақытты сәті болып есте қалатын мерекелік күн ұйымдастырып, қуанышқа бөлегені үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.

Үйіміздің кішкентай тұрғындарына деген ерекше қамқорлықтарыңыз Сіздерге екі есе жақсылық болып қайтсын.

  • 01
  • 02

 

Оқылды 171 рет