Конкурстын ұйымдастырушы: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-і баға ұсынысын сұрату әдісімен медициналық бұйымдарды сатып алу бойынша конкурсты өткізетіні туралы жариялайды. Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ., Манас к-сі, 17/1. 

Сатып алынатын медициналық бұйымдарды туралы ақпарат (атауы, қысқаша сипаттамасы, сатып алу көлемі мен сатып алуға бөлінген сома) осы жариялаудың №1 қосымшасында (сатып алынатын тауарлар тізімі) көрсетілген.

Жеткізу мерзімі мен талаптары: Әлеуетті өнім беруші Тапсырыс берушіден өтінімді алғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде Нұр-Сұлтан қ., Манас к-сі, 17/1 мекен-жайы бойынша жеткізеді.

Тапысырыс беруші жеткізілген тауар үшін Тапсырыс беруші қабылдау-тапсыру актіне қол қойған сәттен және Жеткізуші шот-фактура ұсынған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде төлеуі тиіс.

Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсынымдары жапсырылған конвертте Нұр-Сұлтан қ., Манас к-сі, 17/1, есепшілер кабинетіне тапсырылуы тиіс.

Өтінімдері тапсырудың соңғы мерзімі 2021 жылғы «19» шілде, сағат 09.30-ға дейін.

Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсынымдары салынған конверттері 2021 жылғы «19» шілде, сағат 10.00-да, Нұр-Сұлтан қ., Манас к-сі, 17/1 мекен-жайы бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік кабинетте ашылады.

Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсынымдарын тапсырудың соңғы мерзімі өткенге дейін тапсырылған баға ұсынымдарын қайтып алуға құқылы.

Әлеуетті өнім берушінің тапсырған баға ұсынымы хабарламада қарастырылған сұраныс талаптарына, сатып алу туралы шарт жобасына, сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшеліктеріне сәйкес тауарларды жеткізуді жүзеге асыруға келісімін көрсетеді.

Әлеуетті өнім беруші сатып алуларға қатысу үшін келесі құжаттары салынған жапсырылған 1 (бір) баға ұсынымын тапсыруы тиіс:

  1. Хабарламаға қоса берілген қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуетті өнім берушінің қолы және мөрімен (бар болса) бекітілген баға кестесі. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынымына тауарды жеткізуге қатысты барлық шығындар, соның ішінде салық шығындары кіруі тиіс;
  2. Рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға құқығын растаушы рұқсат қағаз
  3. ҚР 375 ҮҚ 4 бөлімінде бекітілген талаптарға ұсынылатын тауарлардың сәйкестігін растаушы құжат;

Баға ұсынымын сұрап алу әдісімен сатып алуды жүзеге асыру туралы жариялауға сатып алынатын медициналық бұйымдардың  (жариялаудың №1 қосымшасы) тізімі, баға ұсынымының нысаны (жариялаудың 2 қосымшасы), типтік шарт (жариялаудың 3 қосымшасы) қоса беріледі және олар осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

Баға ұсынымдары салыған жапсырылған конверттің беткі жағына әлеуетті өнім беруші келесі ақпараттарды көрсетуі тиіс:

  • Әлеуетті өнім берушінің атауы, орналасқан мекен-жайы, байланыс телефондары, электронды мекен-жайы.
  • Сатып алуларды ұйымдастырушының атауы мен орналасқан мекен-жайы;
  • Баға ұсынымдары берілетін, әлеуетті өнім беруші қатысуға ынта білдірген сатып алынатын тауарлар атауы;

Белгіленген мерзім өтіп кеткеннен кейін және/немесе хабарламаның талаптары бұзылған болса, баға ұсынымдары салынған конверт әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.

Баға ұсынымдарын сұрату әдісі арқылы тауарларды сатып алу қорытындысын бекіту туралы шешім оны бекіткен күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсінде (www.balalar-uii.kz) жарияланады.

Сатып алуды ұйымдастырушының өкілетті уәкілі: Бекбулатов Арман Актаевич – мемлекеттік сатып алулардың бойынша менеджері, тел: 56-11-27 e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Қосымшаны сақтау...